Басты бет / Медицина және денсаулық сақтау / Дене тәрбиесі және спорт / Сайдағали Демежан Серікбосынұлы

Сайдағали Демежан Серікбосынұлы

Лауазымы: оқытушы
дене шынықтыру және спорт кафедрасы
       Мен, Сайдағали Демежан Серікбосынұлы, Қазақстан Республикасының Алматы қаласында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. 2014 жылы Алматы қаласындағы №139 мектеп-гимназияны бітірдім. 2014–2018 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, бакалавр дәрежесін иелендім. 2018–2022 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №72 жалпы білім беретін мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім. 2020–2022 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада оқыдым. 2022 жылы магистратура аясында Түркия Республикасының Анкара қаласында ғылыми тағылымдамадан өттім. 2022 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың мамыр айына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Салауатты өмір салты (ЗОЖ) орталығында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып қызмет атқардым, сонымен қатар университеттің бокс бойынша құрама командасының бас жаттықтырушысы болдым. 2023 жылы «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантурасына қабылдандым. 2024 жылдың маусымынан 2025 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясында дене шынықтыру пәнінің оқытушысы болып жұмыс істедім. 2025 жылы докторантура аясында Жапонияның Йокогама (Токио) қаласында ғылыми тағылымдамадан өттім. Бакалаврлық дипломдық жұмысымның тақырыбы — «Боксшылардың психологиялық дайындығы». Магистрлік диссертациямның тақырыбы — «Жоғары сынып оқушыларын әскери қызметке даярлау». Докторлық диссертациямның тақырыбы — «Жоғары оқу орындары студенттерінің дене дайындығын мониторингілеу технологиялары». 2015 жылдан бастап бокс бойынша Қазақстан Республикасының спорт шеберімін, 2011 жылдан бастап таеквондо бойынша спорт шеберіне үміткермін. Ғылыми, педагогикалық және жаттықтырушылық қызметті қатар алып келемін. Отбасылық жағдайым — үйленгенмін.
Бірінші жоғарғы білімі
Білім беретін мекеме Квалификация Аяқталу күні
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Магистратура 2022
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ Жоғары 2018
Scopus
Автордың құжаттары
Дәйексөздер
H-index
0
0
0